Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23 қараша күні елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жалпы ел аумағында желдің екпіні күшейіп, тұман болжанып отыр. Тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«23 қараша күні түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі», – делінген хабарламада.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік пен шығыста күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жетісу облысында түнде және таңертең орталық пен таулы аймақтарда тұман түседі. Шығыстан соғатын жел Алакөл көлдері маңында күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астанада күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысының батыс, солтүстік және орталық аймақтарда тұман болады.
Абай облысының солтүстік пен шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соғады, түнде оңтүстікте, күндіз солтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында да тұман мен көктайғақ болады. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғады, түнде шығыс пен оңтүстікте, күндіз солтүстікте екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде батыс пен солтүстікте 23-28 м/с дейін күшейеді. Петропавлда 23 қараша түнде қар, көктайғақ, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.
Қызылорда облысында тұман күтіледі.
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да тұман күтіледі.
Қостанай облысының батыс, солтүстік пен шығыста тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстік, батыс пен шығыста екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 23 қараша таңертең және күндіз көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында 23 қараша түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.
Ақмола облысының батыс, солтүстік пен шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын болады. Батыс, солтүстік пен оңтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батыс, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с, шығыста екпіні 23 м/с. Көкшетауда түнде көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с.
Оралда да осы күні тұман болады.