Жаңалықтар

Вьетнамдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 90-ға жетті

Су тасқындары 186 мың үйді су басты және 80 мың гектар егістікті зақымдады / Photographer: Duc Thao/AFP/Getty Images

Вьетнамның орталық аймақтарында болған ірі және ұзаққа созылған су тасқыны салдарынан 90 адам қаза тауып, тағы 12 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Bloomberg агенттігінің ақпаратына сәйкес, елдің ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрлігі су тасқынының ең қарқынды сәтінде 1 154-тен астам үй зақымданып, шамамен 186 000 тұрғын үй су астында қалған. Сонымен қатар, кемінде 80 000 гектар күріш пен басқа да ауылшаруашылық дақылдары зақымданған.

Даклак және Ханьхоа провинцияларының кейбір аудандарында су деңгейі әлі де жоғары, бұл жерде жолдар мен көпірлер құлап, жүздеген отбасылар оқшауланған. Басқа жерлерде су деңгейі төмендей бастады. Билік қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, жолдарды ашып, зиянды жоюға тырысуда.

Ұлттық гидрометеорологиялық болжамдар орталығының хабарлауынша, 25 қарашадан бастап жауын-шашын мөлшері біртіндеп азаяды деп күтілуде.

Премьер-министр Фам Минь Тьинь Йоханнесбургте өткен G20 кездесуі кезінде елдегі министрліктер мен жергілікті билік өкілдерімен жедел виртуалды кеңес өткізді. Бұл кеңесте орталық провинцияларда болып жатқан жағдайды бағалап, жауап беру және қалпына келтіру шараларын үйлестіру мәселелері талқыланды.

Үкіметтің алдын ала бағалауы бойынша, келген зиян кем дегенде 9 трлн донгты (шамамен 340 млн АҚШ доллары) құрайды. Биыл Вьетнамға жалпы 14 дауыл соққан.

Елдің апаттардың алдын алу жөніндегі департаментінің мәліметі бойынша, ең үлкен шығын Даклак, Ханхоа және Ламдонгта тіркелген.