
Төтенше жағдайлар департаменті Астанада ауа райы күрт өзгеретінін айтып, қала қонақтары мен тұрғындарына ескерту жасады.
Қазгидромет дерегіне сүйенсек, 24 қарашада дүйсенбіде елордада тұман мен көктайғақ күтіледі.
«Жел оңтүстік‑батыстан бастап, кейін солтүстік‑шығыс бағытқа ауысады. Түнде және таңертең желдің екпіні сағатына 15‑20 метрге дейін күшейеді», — деп хабарлады департамент.
Еске салайық елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жалпы ел аумағында желдің екпіні күшейіп, тұман болжанып отыр.