
АҚШ-та әлемде алғаш рет H5N5 штамы бойынша құс тұмауынан адам қайтыс болды, Бұл туралы Kursiv.Media Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Вашингтон штатында болды. Қаза болған адам егде жастағы және денсаулығы ауыр науқас болған.
Штаттағы Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, науқастың үйінің артқы ауласында әртүрлі үй құсы табылған. Отбасы мүшелерінің жеке мәліметтері жарияланбады.
АҚШ-та соңғы бір жарым жылдағы барлық адамға жұғу жағдайлары H5N1 штамына байланысты болған еді. Вашингтондағы қайғылы жағдай – H5N5 вирусы, бұған дейін тек жануарларда кездескен, алғаш рет адамда анықталды.
Десе де, денсаулық сақтау органдары халық үшін қауіптілік төмен екенін мәлімдеп отыр. Өйткені науқаспен байланыста болған адамдардан инфекция табылмады, сондай-ақ вирустың адамнан-адамға жұғуы дәлелденбеген.
Қазір Қазақстанда тұмаудың гонконг штамы (H3N2) ғана емес, басқа да 200-ге жуық респираторлы вирус тарап жатыр. Бала тұмау жұқтырған жағдайда не істеу керегін білгіңіз келсе, Kurisv.Media мақаласын оқыңыз. Бала дәрігері пайдалы кеңестер берді.