Silk Way Star жобасы 2026 жылы Қытайда өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: instagram.com/silkway.star

Silk Way Star халықаралық ән байқауы 2026 жылы Қытайда өтеді. Бұл жайында ОКҚ алаңында Jibek Joly телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоба 12 елмен шектеліп қалмайды. Алдағы жылдары басқа елдер қызығушылық танытса, байқау жеңімпаздың елінде өткізілуі мүмкін.

«Азия елдері көп. Оларды біріктіретін мәдени жоба жоқ. Индонезия, Вьетнам, Үндістан, Пакистан елдері хабарласты. Биыл Жапония қатыспады. Күзде араб елдері байланысқа шыға бастады. Бұл жобаның ауқымы өседі, Silk Way Star Азия елдерін қамтитын жоба болады деп ойлаймын», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Еске салайық Қазақстанда өтіп жатқан «Silk Way Star» халықаралық жобасының гранд-финалы мәресіне жетті. Музыкалық доданың жеңімпазы Моңғолия елінің намысын қорғаған Мишель Джозеф болды. Жеңімпазға жүлдені Димаш Құдайберген табыстады.

Сондай-ақ оқыңыз