Lifestyle

Жеңілдікпен сатып алған тауарды қайтаруға бола ма – маман жауабы

Арыз түссе, сатушыға шара қолданылады/Фото: H&M

Қазақстандықтар акция немесе жеңілдікпен сатылған тауарды қайтара алады.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев айтты.

Маманның сөзінше, сатушылардың өзі талаптарды дұрыс түсінбейді.

«Бір кемшілігіне байланысты төмен бағада сатуға қойылған заттар қайтарылмайды. Ал акция, жеңілдікпен сатылған тауардың бәрін қайтаруға болады. Мұндай тауарды қабылдамау – заң талабын бұзу. Арыз түссе, сатушыға шара қолданылады», – дейді Тағашев.

Сондай-ақ мамандар сатушылардың бір тауарға қолма-қол төлеу кезінде және бөлеп төлеу немесе несиеге алу кезінде әртүрлі баға көрсетуге қай жағдайда құқылы екенін түсіндірді.