Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ

27 қарашада Бішкекте өтетін саммитте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтеді.

Ұйымның басқару құрылымындағы ротация қағидатына сай, Қырғызстан мемлекет басшыларының қарауына ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына жаңа кандидатура енгізеді.

Хатшылықтың мәліметінше, саммитте ұжымдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірқатар құжаттар топтамасы ұсынылады. Мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясын қабылдауды жоспарлап отыр. Құжатта әлемдік геосаяси жағдай мен ұйым жауапкершілік аймағындағы ахуалға баға беріледі және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты ортақ ұстанымдар айқындалады.

Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Саммит қорытындысына сәйкес, оның өкілеттігі жаңа кандидатқа берілмек.

Айта кетейік, жақында Тоқаев Тасмағамбетовпен кездескен еді. Ол президентке қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындықтың қалай жүріп жатқанын баяндады.

Сондай-ақ оқыңыз