Жаңалықтар

Өзбекстанда АИ-80 жанармайын сатуға тыйым салды

АИ 80 Өзбекстан
Фото: Gazeta.uz басылымынан

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің жұмысына қатысты шараларды бекітті. Бұл туралы Kaktus Media жазады.

Үкімет қабылдаған құжатқа сәйкес, 1 қаңтардан бастап бекеттерде АИ-80 жанармайын сатуға тыйым салады. Бұл шара «сапалы әрі экологиялық таза» отынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сондай-ақ Ташкент қаласының ішінде жүк көліктерінің қозғалысы таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта шектеледі. ІІМ жүк көліктеріне шектеу қойылатын көшелердің тізімін анықтауы тиіс.

Құжат бойынша, мазут және соған ұқсас отын түрлерін пайдалану кезінде экологияны ластағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Өзбекстанда жанармай бағасы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, АИ-92 бензинінің 1 литрі Қазақстанда 241 теңге болса, Өзбекстанда – 442,48 теңге. Жалпы бұл жағынан Өзбекстан ең қымбат нарық деп саналады.