Lifestyle

«Отанымды жемей, 3000 теңгеге зарламаңдар» – Құралай Мөлдірдің фильмі туралы (видео)

Коуч Құралай Мөлдір Мұқанованың фильмін сынағандарға анайы жауап қайтарды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Коуч Құралай Мөлдір Мұқанованың фильмін сынағандарға анайы жауап қайтарды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Коуч Құралай Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанованың фильмін сынаушыларға осылай деп зекіп тастады.

Ол Мөлдір Мұқановаға қолдау көрсетудің «ерекше тәсілін» тауып отыр.

«Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді!» – деді коуч Құралай.

Айтуынша, оған кино ұнаған. Қазақ қоғамының «іріңдеп», жасырылып жатқан «ауруының» аузын ашқан.

«Ақиқатты айтып, фальшке, өтірікке малынған менталитетімізді жаңа деңгейге көтердің! Жылдар бойы отбасын алдап келген есерсоқ ерлерді өзгерте алмасаң да, шындықты шырылдап айтып, өсіп келе жатқан жігіттерге өз өміріңмен үлкен сабақ беріп, екіжүзділіктің, өтіріктің аяғы не болатынын көрсеттің», – деген пікір білдірді коуч.

Оның пікірінше, Мөлдір Мұқанова қазіргі әйелдерге үлгі болып жатыр.

«Көп нәрсеге көз жұмып, шыдап, жылап өткен әжелеріміз, аналарымыздай «терпила» болмауды бізден кейінгі буын сіңілдерімізге – басыңа түскен сынаққа сынбай, құламай, жыламай қайта жарқырап ән айтып, кино түсіріп, мықты болуды үйретіп жатсың!» – деді Құралай ханым.

Айта кететін жайт, Мөлдір Мұқанованың «Шай в большом городе» деген фильмінің жабық көрсетілімінде қызық оқиға болды. Фильмнің алдында шашу шашылды. Кәмпиттің бірі ұшып келіп, Айгүл Иманбаеваның шекесіне оңбай тиді.