
Вьетнамда су тасқыны жалғасуда. Қазір 83 қазақстандық турист ықтимал қауіпті аймақта. СІМ мен «Туристік Қамқор» қауымдастығына Қазақстан азаматтары әлі жүгінбеген.
СІМ не дейді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік Вьетнамдағы жағдайды бақыланатынын айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, қазір Вьетнамда су тасқыны болып жатыр. Біздің ақпаратқа сәйкес, қазір бірнеше мың азаматымыз Вьетнам курорттарында демалады. «Туристік қамқор» туроператорынан нақтылай аласыз. Біздің елшіліктерге бірде-бір хабарлама келіп түспегенін атап өткім келеді. Солай жалғасады деп үміттенемін», – деді ол.
«Туристік Қамқор» дерегі
«Туристік Қамқор» баспасөз қызметінің Kursiv.Media-ға ұсынған ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша ақпарат берді.
Қазір Вьетнам аумағында 4 мыңнан астам қазақстандық турист бар.
Көпшілігі танымал Фукуок, Дананг бағыттарында демалады және белсенді туркодтары бар.
«Жүйеде тіркелген барлық саяхатшылар Төтенше жағдайлар қорының қорғауында», – деді баспасөз қызметі.
Су тасқыны қаупі бар аймақтарға келген туристер саны 83 адамды құрайды.
Қор қарашада орталық және оңтүстік Вьетнамда туристер көп болмайтынын, сондықтан зардап шеккен аудандардағы туристердің үлесі аз екенін атап өтті. Қазақстандықтардан әзірге бірде-бір өтініш түскен жоқ.
Камрань, Дананг және Фукуок халықаралық әуежайлары штаттық режимде жұмыс істейді, рейстер кесте бойынша орындалады.
«Туристік Қамқор» компаниясы жағдайды бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда туркоды бар туристерге жедел көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Бұған дейін Вьетнамның орталық аймақтарындағы ауыр және ұзаққа созылған су тасқыны 90 адамның өліміне әкеп соқтырған еді.