Жаңалықтар

Қостанай мектептері онлайн оқуға көшеді

школа. мектеп фото: shutterstock
Қостанай мектептері онлайн оқуға көшеді / фото: shutterstock

Қостанай қаласының білім бөлімі мектеп сабақтарын 25 қарашадан бастап апта соңына дейін қашықтықтан оқыту форматына уақытша ауыстыру туралы шешім шығарды. Шешім ЖРВИ және тұмаумен ауырғандардың саны артуы, сондай-ақ оқушылар мен педагогтер екінші мәрте ауырып бастауы салдарынан қабылданған.

Өңірлік Алау басылымының хабарлауынша, шара педагогикалық кеңестер мен білім беру ұйым директорларының бірлескен отырыстарында келісілген. Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға бағытталған.

Қостанайдағы барлық 37 жалпы білім беретін мектеп қашықтан оқытуға ауыстырылды. Эпидемиологиялық ахуал мониторингінің қорытындысы бойынша аптаның соңында оқыту форматы туралы одан әрі шешім қабылданатын болады.

Білім бөлімі ата-аналар мен оқушыларға сабақ кестесі мен ұйымдастырушылық мәселелер туралы жедел ақпарат алу үшін сынып жетекшілерінің хабарламаларын және мектептердің ресми арналарын бақылауды сұрады.

Айта кетейік, өткен аптада елдегі эпидахуал өршіп, жеті өңірдегі оқушылар онлайнға ауысты. Ол Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары. Жалпы республика бойынша 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқытылатын форматқа ауыстырылды.