Қырғызстанда 15 183 адам иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтырған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Негізгі жұғу жолы – жыныстық қатынас / фото: shutterstock
Негізгі жұғу жолы – жыныстық қатынас / фото: shutterstock

Қырғызстанда 15 183 адам иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтырған. Оның 60%-дан астамы – 20-39 жас аралығындағы жастар.

Кактус мәліметінше, дені – әлеуметтік белсенді азаматтар.

2025 жылдың 1 қазанына қарай Қырғыз Республикасында 15 183 АИТВ жағдайы тіркеліп отыр. Көп жағдайлар Бішкек пен Шу облысында анықталады. Негізгі жұғу жолы – жыныстық қатынас. Бұл сексуалдық денсаулық туралы ашық және шынайы сөйлесудің маңызын көрсетеді.

Елде АИТВ-ның кеш анықталуы әлі де жиі кездеседі. Ал бұл –  емдеуге және денсаулықты сақтауға қажет уақыттың жоғалуы деген сөз. Бүгінде АИТВ-ге тестілеу кез келген адам үшін қолжетімді.

«Өзінің АИТВ-статусын білу – алдын алу мен емдеудің алғашқы қадамы. Барлығын тестілеуден өтіп, қолжетімді медициналық көмек пен қолдау ресурстарын пайдалануға шақырамыз», – деді Гемоконтактілі вирустық гепатиттер мен АИТВ –ны бақылау жөніндегі республикалық орталық директоры Умуткан Чокморова.

Мұның алдында Қазақстанда АИТВ жұқтыру оқиғасынан кейін қызметтен кеткен Иран Шаметековтің қайтадан басқарма басшысы болғаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ оқыңыз