
Қазақ теннисшісі Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. Ол Монастир (Тунис) қаласында ITF M15 санатындағы турнирде топ жарды.
Бір апта бұрын ғана 18 жасқа толған Омарханов туған күніне ерекше сыйлық жасады – алғаш рет ірі турнирдің ақтық сынына дейін сүрінбей өтіп, финалда неміс теннісшісі Макс Шонхаусты жеңді. Үш сетке созылған тартысты ойын 6:3, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды.
Қазақстан теннис федерациясы Әмірдің финалдағы қарсыласы өткен аптада ғана ITF M25 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанған мықты теннисші екенін атап өтті.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазір Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдап жүр.
Әмір Омарханов пен ресейлік Егор Плешивцев жұбы биыл Уимблдон турнирінің жартылай финалына дейін жеткен.