Арзан билет: Қытайға – 33 мың, ал Грузияға 26 мыңға ұшуға болады

Жарияланды 24 Қараша 2025 14:03

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
арзан әуе билеттері ұшақ
фото: shutterstock

Қазақстандық FlyArystan лоукостері қысқы маусымда Кутаиси (Грузия) мен Үрімші (Қытай) бағыттарындағы халықаралық рейстер билетіне жеңілдік жариялады. Арзан билет 26 мың теңгеден басталады.

Лоукостер мәліметінше, 24-25 қараша аралығында жолаушылар 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 15 наурызға дейін орындалатын рейстерге арзан билет сатып ала алады. Арнайы баға төмендегі бағыттарға белгіленді:

  • Астана – Кутаиси – 36 351 теңге, кері бағытта – 36 286 теңге;
  • Алматы – Кутаиси – 38 707 теңге, кері бағытта – 36 286 теңге;
  • Ақтау – Кутаиси – 26 292 теңге, кері бағытта – 26 555 теңге;
  • Атырау – Кутаиси – 28 868 теңге, кері бағытта – 26 555 теңге;
  • Астана – Үрімші – 39 519 теңге, кері бағытта – 33 817 теңге.

Жолаушылар Кутаиси арқылы Еуропаның басқа да ірі қалаларына сапарлай алады. Ал Үрімші Қытайға саяхатқа жол ашады. Өйткені көрші елде ішкі көлік байланысы жақсы дамыған.

FlyArystan арнайы баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап ауытқуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін отандық лоукостер Дубайға ұшу билетін 100 долларға дейін арзандатқан.

Оның алдында Kursiv.Media ұшақ моторындағы ақау салдарынан Air Astana 25,5 млн доллар жоғалтқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз