
Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов келді. Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен көшбасшыны арнайы күтіп алды.
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.


Сердар Бердімұхамедовтың сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Онда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективалары талқыланбақ.
Осыған дейін 17 қарашада елге Эстония Президенті Алар Карис ресми сапармен келген еді.