Трамп Украина жөніндегі бейбіт келіссөздерден «бір жақсы нышан» байқағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина жөніндегі бейбіт келіссөздерден «бір жақсы нышан» байқағанын мәлімдеді.
«Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу талқылауларының төңірегінде «мүмкін, бір жақсы нәрсе болып жатқан шығар», – деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде.
Сонымен қатар, жақсылықтың нышаны бар екенін жасырмады.
«Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерде үлкен прогреске қол жеткізу мүмкін бе? Көрмейінше сенбе, бірақ бір жақсы нәрсе болып жатқан сияқты», – деп жазды ол.
Бұған дейін, 23 қарашада, келісім жобасын Украина және АҚШ делегациялары талқылаған болатын. Кездесудің қорытындысы бойынша Киев ұсынылған шарттардың өз мүдделеріне сай келетінін растады.
Ал бұл жобаның аясындағы «соңғы шешімдерді» Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдайтынын Ақ үй хабарлаған болатын.
Мұның алдында АҚШ пен Еуропа Украинаға қатысты екі түрлі ұсыныс дайындаған еді.