
Қазақстан үкіметі 2025 жылдың соңына дейін Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Ақтау әуежайы маңында құлаған ұшағына қатысты тергеу нәтижелері туралы ақпарат береді.
Report ақпаратына қарағанда, бұл туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдын ала қорытындылар трагедиядан үш ай өткен соң жарияланған, дегенмен сараптамалар әлі де жасалып жатыр.
«Тергеу жалғасуда. Қазір тереңірек жұмыс, күрделі сараптамалар жүргізілуде», – деді Қалиақпаров.
Ол мәселе аса маңызды екенін атап өтіп, тергеу қашан аяқталатынын нақты айту мүмкін еместігін жеткізді.
«Қазір нақты мерзімдерді айта алмаймын. Бірақ жыл соңына дейін біз ақпарат ұсынамыз», – деді вице-министр.
Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Azerbaijan Airlines компаниясының Баку-Грозный бағытында ұшқан Embraer әуе кемесі Ақтау маңында құлаған. Ұшақта 62 жолаушы болған. Олардың 37-сі – Әзербайжан, 16-сы – Ресей, алтауы – Қазақстан, үшеуі – Қырғызстан азаматы.
Сондай-ақ бортта 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты. Оның ішінде үш бала бар. Ал 29 адам аман қалған.
Ұшақтың апатқа ұшырауына Ресейден атылған зымыран әсер еткенін хабарланып, Ресей президенті Владимир Путин зымыранның атылу себебін түсіндірген. Апаттан кейін ресми Баку мен Мәскеу арасы суыған.