Бейнеуде полиция көлігі жасөспірім айдаған көлікпен соқтығысты

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы орталығында бейнебақылау камералары автомобиль апатын түсіріп алды. Полицияның патрульдік көлігі азаматтық көлікпен соқтығысқан. Полиция көлігіне соқтығысқан көлік рөлінде кәмелетке толмаға, жасөспірім отырған.
Өңірлік Lada.kz басылымының хабарлауынша, жол көлік оқиғасы 25 қарашада болған. Бейнебақылаудан рөлінде жасөспірім отырған Toyota Camry көлігі жоғары жылдамдықпен патрульдік көлікке соғылып жатқанын көруге болады.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті 17 жастағы жігіт басқарған. Оның ата-анасы кәмелеттік жасқа толмаған адамды көлік рөліне отырғызғаны үшін, сондай-ақ, тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Апат кезінде ешкім зардап шекпеген. ЖКО фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.