«Челси» – «Барселона»: матч қашан басталады және қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

25-тен 26 қарашаға қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында Лондонның «Челси» командасы өз алаңында каталониялық «Барселонаны» қабылдайды. Кездесу Лондонда орналасқан «Стэмфорд Бридж» стадионында өтеді.

Трансляция Қазақстан уақытымен 00:55-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар матчтың онлайн-көрсетілімі арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Төрт турдан кейін екі команда да жеті ұпай жинаған. «Челси» жалпы турнирлік кестеде 12-орында тұр, ал «Барселона» 11-орыға жайғасты.

Еске сала кетейік, ертең 26 қараша күні алматылық «Қайрат» Данияда «Копенгаген» командасына қарсы ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз