Lifestyle

Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін алғаш рет некелесу сәтінде көргенін айтты

фото: скрин

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін алғаш рет Астанадағы Бас мешітте неке қию рәсімі кезінде ғана көрген. Актер бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

Актердің айтуынша, болашақ жарымен Threads әлеуметтік желісінде танысып, араға екі ай салып отбасын құрған. Ең қызығы неке қиюға дейін олар бір-бірін мүлдем жүзбе-жүз көрмеген.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов бұған дейін екі рет үйленген. Екі некеден оның 5 баласы бар.

YouTube video player