Duolingo-ны басып озды деген Aleem стартабы қазақ тілін қосты
Жарияланды

AppStore-да танымалдығы жағынан Duolingo-ның алдына шыққан Aleem қосымшасына қазақ тілі енгізілді. Енді қолданушылар ағылшынды қазақша үйрене алады. Бұл жайлы жоба авторының бірі Асылжан Алтай жазды.
«Aleem қосымшасы қазақ тілінде. Енді әрбір қазақ баласы ағылшын тілін қазақша үйрене алады. Қосымшаны App Store-дан жүктеп, халыққа таратайық! Қолдауларыңызға рақмет», – деп жазды ол.
Бұл – ағылшын тілін үйретуге арналған қолданба. Тапсырмаларын орындап шет тіліндегі жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамытуға болады. Қазір App Store-да білім беру бағыты бойынша қазір Aleem бірінші орында, ал Duolingo екінші орында тұр.
Kursiv Media Aleem қосымшасы авторымен сұхбат өткізген еді, оны мына жерден оқи аласыз.