
Астанада өзеннен оқушының мәйіті табылды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.
Ресми ақпарат бойынша, 24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.
«Қызды іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды», – делінген ақпаратта.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.