Мұғалім жетінші сыныптың оқушыcымен төбелесті

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы №52 мектепте мұғалім 7-сынып оқушысымен төбелесті.
Ural Mash ақпаратынша, физика пәні мұғалімі жетінші сынып оқушысымен жұдырықтасқан. Олардың арасындағы жанжал видеоға түсіп, Telegram-да тараған.
Видеодан ресейлік мұғалім оқушыны қабырғаға тақап, қысып тұрғаны байқалады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға жасөспірімнің сыныпта балағат сөз айтқаны түрткі болған. Білім ордасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.
Екатеринбургтың білім басқармасы да жағдайдан хабардар.
Бұған дейін Мәскеудегі бір мектептің мұғалімі жоғары сынып оқушысының соққысынан кейін ауруханаға түскені хабарланған. Сол кезде қалалық білім басқармасы «оқушының әрекетін мораль мен заңға қайшы, қабылдауға болмайтын қылық» деп бағалаған.
Одан бұрын Нижегород облысында тоғызыншы сынып оқушысы ағылшын тілі сабағы кезінде мұғалімді соққыға жыққан.
Ал Жаңа Зеландияда мұғалім оқушысынан жүкті болып қалған еді.