
Өзбекстанда биылғы күз маусымы жауын-шашынсыз өтіп жатыр әрі алдағы күндері де жаңбыр жауады деген болжам жоқ.
Kun.uz ақпаратына қарағанда, Өзбекстан мүфтиінің бастамасымен 28 қараша күні жұма намазынан кейін елдегі барлық мешітте Алладан жаңбыр жаууын сұрап, екі рәкәттан тұратын ұжымдық истисқа намазы оқылмақ. Сондай-ақ умрадағы имамдарға да өз тобымен бірге Қос Қасиетті Мешітте истисқа намазын оқу ұсынылды.
Бұл бастаманы Өзбекстан Мұсылмандар басқармасының төрағасы, мүфти Нуриддин Халықназар көтерді. Оның шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 28 қарашада жұма намазынан кейін елдің барлық мешітінде Алладан жаңбыр тіленіп, тәубе, ықылас және кешірім сұраумен бірге екі рәкет ұжымдық истисқа намазы оқылады. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ислам тарихында қуаңшылық кезінде истисқа намазы оқылып, нәтижесі байқалған жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, жаңбыр жаумай, қуаңшылық болған кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметімен бірге Қағбаға барып, дұға етіп, кейін өзі имам болып намаз оқығаны риуаят етіледі. Су мен жаңбыр тілеу үшін оқылатын истисқа намазының артықшылығы хадис кітаптарында түсіндірілген», – делінген діни басқарма түсіндірмесінде.
Бұдан бөлек, облыстардың, аудандар мен қалалардың орталық мешіттері мен қасиетті орындарында құрбандық шалынып, еті мұқтаждарға және олардың отбасыларына таратылады.
Мұның алдында Франция мешіттерінің алдына қайкөйлер шошқа бастарын қойып кеткені туралы ақпарат тараған.