Жаңалықтар

Ош қаласында үлкен көшеге Абай Құнанбайұлының есімі берілді

Зүлзарда Абайдың ескерткіші мен музейі орналасады / фото: Ош мэриясы
Зүлзарда Абайдың ескерткіші мен музейі орналасады / фото: Ош мэриясы

Қырғызстанның Ош қаласында жөндеуден өткен екі көше біріктіріліп, оларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілді.

Мэрияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін қазақ әдебиетінің классигіне арналған жаңа сквер, музей және ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Салтанатты шараға қала мэрі Женишбек Токторбаев, президенттің Ош облысындағы өкілдігінің басшылығы, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оштағы ҚР бас консулы Мұхтар Кәрібай және қала тұрғындары қатысты.

Жаңа гүлзардың аумағы – 2 858 шаршы метр. Онда Абайдың ескерткіші мен музейі орналасады. Демалыс аймақтары жасалып, тротуар плиткалары төселіп, жарықтандыру және көгалдандыру жүргізілді.

Абайдың бюсті мен гүлзары екі халықтың достығын бейнелейтін нышан әрі жастар үшін маңызды мәдени кеңістік ретінде атап өтілді.

Мұның алдында Италияда Абай Құнанбайұлына арналған бюст орнатылған еді.