
Ташкент облысының хокимі онкологиялық аурулардың өсуінің себебін тапты. Бұған «махаллаларда нан жабылмауы» түрткі.
Kun.uz ақпаратына қарағанда, хоким Зойир Мирзаев «тандырда нан пісіретін әйел ісік ауруымен ауырмайтынын» айтқан.
«Махалларға шыққанда көретініміз – тандыр жоқ. Нан пісірмейді. Бұрын жүгері ұнын, қара бидайды араластырып, қара ұннан ерекше нан пісіретін. Қазір ерлерді де ашытқы қосылған батон нанға үйретіп жіберді», – деді хоким.
Айтуынша, ол бір кездері Самарқандта жұмыс істеген. Сол кезде корей делегациясы келіп, әйелдердегі онкологияның өсу себептерін зерттепті.
Олар бұл ауру неге көбейіп жатқанын анықтаған. Мұның 7-8 факторы бар екен.
«Бірінші орында – аз қимылдау. Төртінші фактор – тандырда нан пісіруден бас тарту. Тандырда нан пісіретін әйел ракпен ауырмайды. Өйткені ол тандырға жақындағанда, денесі қызады, содан кейін қан екі есе жылдам айнала бастайды. Бұл жылдамдық тамырларды тазартады. Егер қан лас болса, бір безге микроб жабысады. Сөйтіп бездер біртіндеп қозғала бастайды. Бұл – факторлардың бірі. Біз мұны жоғалттық», – деді Мирзаев.
Айта кететін жайт, Қазақстанда онкологиялық көмекке бөлінген қаржы алты есе артты.