Жаңалықтар

Қазақстандағы ЖОО-лардың бірі Түркіменстанда филиалын ашады

фото: shutterstock

Түрікменстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінің филиалы ашылуы мүмкін. Ресми кездесуде Тоқаев Түркіменстан президенті Бердімұхамедовқа осындай ұсыныс айтты.

Фестивальдер, гастрольдер және басқа да бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы мәдениет саласында жан-жақты ықпалдастық орнату қажет екеніне тоқталдық. Ғылым-білім беру және жастар арасындағы байланысты дамыту перспективасы жан-жақты талқыланды. Түрікменстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық, – деді ол

Келіссөздер барысында екі тарап Каспий мәселесін де көтерді.

– Өңірлік, сондай-ақ жаһандық ауқымда тұрақтылық, қауіпсіздік және орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін түрікмен тарапымен тығыз ықпалдастық орнатуға әзірміз. Консультативтік кездесулер өткізу, сондай-ақ Каспий теңізінің проблемасы жөнінде ықпалдастық орнату өте өзекті. Қазақстан Ашхабадтың бастамасы бойынша жарияланған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы аясында Түрікменстан өткізген іс-шараларды жоғары бағалайды, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол Түркіменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады