Lifestyle

«Шымбұлақта» шаңғы маусымы қашан басталатыны белгілі болды

фото: Kursiv.media архиві

26 қарашада «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жаңа маусымды техникалық форматта ашатынын хабарлады.

26 қараша мен 6 желтоқсан аралығында скипасстар Low Season бағасымен сатылмақ. Ал жаңадан бастаушылар күні бойына небәрі 8 000 теңгеге «Бастаушы» тарифін ала алады. Тарифке жаңадан үйренушілерге арналған трассаларға кіру құны қосылған. Бұл тау шаңғысы мен сноубордты алғаш рет теуіп көргісі келетіндерге, сондай-ақ жаңа маусымға біртіндеп кірісіп, дағдыларын жетілдіргісі келетіндерге ыңғайлы.

Курорт әкімшілігі негізгі жалға беру аймағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына көшірілгенін де еске салды. Ал «Шымбұлақ» станциясында күнделікті форматтағы зат сақтайтын ұяшықтар жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, былтыр «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында шаңғы тебу бағасы 25-30 пайызға қымбаттаған еді.