
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан басшысы Сердар Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ресми мәліметке қарағанда, салтанатты рәсімде мемлекет басшысы Бердімұхамедовті «беделді саяси қайраткер» деп атады.
«Сіз түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, аса құрметті Гурбангулы Бердімұхамедовтің келешекке арналған стратегиялық бағдарын сенімді түрде жалғастырып келесіз», – деді Тоқаев.
Түркімен президенті Тоқаев пен қазақстандықтарға алғыс айтты.
«Бұл марапатты Түрікменстан халқына көрсеткен құрметіңіз, елдеріміз арасында ғасырлардан жалғасып келе жатқан берік достық пен тату көршіліктің белгісі ретінде қабылдаймын», – деді Бердімұхамедов.
Түркімен басшысы Астанаға 24 қарашада келді. Оны әуежайда Тоқаев күтіп алды.