Тұмаудан сақтану үшін медициналық маска тағу туралы талап қойылды ма

25 қарашада парламенттің төменгі палатасы комитетінің отырысына жиналған депутаттар медициналық маска тағып келді. Соған байланысты Kursiv.Media бас санитар осындай талап қойған-қоймағанын анықтап білді.
Мәжіліс комитетінде «Мұнай-газ компанияларының жергілікті қамту деңгейін дамыту туралы» дөңгелек үстел өтіп жатыр. Оған шақырылған депуттар, шенеуніктер, сонымен бірге БАҚ өкілдері мен сарапшыларға маска тағып келу керек екені ескертілген.
Жиналысқа қатысып жатқан елу шақты адамның бәрі дерлік маскамен отырғанын көруге болады.
Осыған орай Kursiv.Media Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сұрау жолдады.
«Біз медициналық маска тағып жүру туралы ешқандай міндеттеме берген жоқпыз. Шектеу енгізілген жоқ. Бірақ халыққа адам көп жиналатын жерлерде мұқият болыңыздар, маска тағып жүріңіздер деген кеңес бердік. Жалпы жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», – деді комитеттің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев Kursiv.Media тілшісіне.
Оның айтуынша, әзірге елдегі ауруханалар мен емханалардағы қызметкерлер арасында ғана маскамен жүру тәртібі бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда гонконг тұмауы өршіді. Жұқпалы вирус әсіресе балалар арасында кең таралып жатыр. Соған байланысты елдегі жеті өңірдегі оқушылар сабақты онлайн форматта оқып жатыр. Тұмау өршіп тұрған жақта Астанада концерт өткізуге тыйым салынды.
Көпшілікке танымал америкалық ғалым Алмас Шарман биыл қыста жағдай қиындайды деп болжады.
Бала гонконг тұмауын (H3N2) жұқтырған жағдайда не істеу керек екенін білмесеңіз, дәрігер кеңесіне құлақ асыңыз.