
«Жігіттер» тобындағы Айдар Тұрғамбектің әкесі ұлы мектепте оқып жүрген кезде үнемі ұрлық жасағанын айтты.
Айдар Тұрғамбектің әкесінен әншінің бала күнінде қандай бұзықтық жасайтынын сұрады.
«Бала кезінде мектепте оқып жүріп, үзіліске шыққан балалардың бәрінің қаламын үйге алып келетін еді. Сөмкесі толы қалам. «Ей, мынаусы несі? Апай жаздыра бермесін деп әкелдің бе?» деп ұрыстым», – деді қария.
Айдар Тұрғамбек те бала күнгі қылықтары есіне түсіп, әкесі екеуі күліп алды. Сосын әкесін мейірлене құшақтады.
Айдар Тұрғамбектің өзі де қазір әке. Үшінші сыныпта оқитын қызы ерекше сыйлық жасап, ұйықтап жатқан әкесіне тарту етті.
Онда қағаздан конверт жасап, оған әкесін жақсы көретінін жазған.
«Әкешім, сізді жақсы көремін. Бізге ақша тауып жүргеніңізге рахмет. Өмір жасыңыз ұзақ болсын», – деп тілек білдірген.
Мұның алдында Ninety One тобының әншісі ACE-нің әке атанғаны туралы жазған едік.