
Бүгін Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш көлемін бекітті.
Оған сәйкес, елімізде 2026 жылы зейнетақы көлемі 10% көтеріледі. Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер де қайта қаралды:
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 тг;
- базалық зейнетақы – 35 596 тг;
- ең төменгі жалақы – 85 000 тг;
- АЕК – 4325 тг;
- күнкөріс деңгейі – 50 851 тг.
Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді. Қорытынды құжатқа ЕТЖ-ны 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсынысы енгізілмеген.
Айта кетейік, осыған дейін Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысынан кейін, брифингте зейнетақының неге тек 10%-ға өсетінен түсіндірген еді.