
Алматы қаласының әкімдігі ауа сапасын жақсарту үшін қалаға ескі көліктерді кіргезбеу туралы шектеу қоюға дайындалып жатыр. Қазір әкімдік жаңа ереже бекіту сатысында. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов брифингте айтты.
БАҚ өкілдері брифингте әкімнің орынбасарынан шетелдік немесе қаладан тыс нөмірлері бар ескі көліктің қалаға кіруіне тыйым салу туралы сұрады.
«Ереже қазір мемлекеттік органдарда, қазіргі уақытта Әділет министрлігінде келісіледі және бекітілгеннен кейін біртіндеп экологиялық тұрғыдан таза емес көліктің келуін шектеу бойынша шаралар қабылданатын болады», — деп түсіндірді ол.
Бұған дейін ІІМ мегаполис көшелерінде күн сайын 1,5 миллионнан астам көлік қозғалатынын хабарлаған болатын. Бұл ретте күн сайын қалаға 700 мыңнан астам көлік кіреді.
Сондай ақ көлік жағдайын және экологияны жақсарту үшін Алматы билігі қалаға кіреберістерде тексеру тұрақтар қоймақ. «Шығыс», «Батыс» және «Солтүстік» аймақта болатын тұрақтарға облыс тұрғындары өз көліктерін тастап, қоғамдық көлікке отыра алады.
Метро және ЛРТ сынды көлік түрлерінің дамуы жалғасады. Метро негізгі маршрутқа айналып, жеңіл рельсті көлік (LRT) аудандарды бір-бірімен байланыстыруға көмектеседі.