Депутаттыққа кандидаттың қызы мен жиеніне іздеу жарияланды

Бішкекте сайлаушыларды сатып алумен айналысқан топтың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы ІІБ баспасөз қызметі хабарлаған.
ІІБ-нің экстремизм мен заңсыз миграцияға қарсы күрес қызметінің жедел уәкілдерінің айтуынша, белгілі бір кандидаттың пайдасына дауыс беру үшін сайлаушыларға ақша ұсынған топтың заңсыз әрекеті анықталды.
Kaktus.kg ақпаратына қарағанда, «Сайлаушылардың даусын сатып алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жогорку Кенешке №22 округ бойынша депутаттыққа кандидат А.Л.-ның жақын туыстары, атап айтқанда, 1988 жылы туған қызы И.С. және 1998 жылы туған жиені Т.Ш. сайлаушыларды сатып алу схемасын ұйымдастырған.
Олар 360 мың сом көлемінде ақша берген. Бұл қаражат кандидаттың сайлауалды штабында берілген.
Сондай-ақ, Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге «лайк» басуға тыйым салынып отыр.