250 мың бала қашықтан оқуға жіберілді
Жарияланды

Елдің 13 өңірінде оқушылар қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы денсаулық вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.
«Қазірге дейін 13 өңірде шамамен 11,5 мыңнан аса сынып қашықтан оқуға жіберілді. Бұл шамамен 250 мыңнан аса бала онлайн оқып жатыр дегенді білдіреді», – дейді ол.
19 қарашаға дейін Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында оқушылар қашықтан оқуға жіберілген еді. Бұған ЖРВИ және тұмаумен жұқтырғандардың көбейгені себеп болған.