Хасан Қасымбаев сот үкіміне шағым түсірді
Жарияланды

12 жылға сотталған Хасан Қасымбаевтың адвокаттары сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы сот кабинетінде көрсетілген.
Хасан Қасымбаевтың есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастады. Талғардағы қылмыстың «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысы бары айтылды.
Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі 20 тамызда басталды. Сотталушылар қатарында алты адам бар. Олар: Хасан Қасымбаев, Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров.
Оларға Қылмыстық кодекстің үш бабы – адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қорқытып алу әрекетін жасады деген айып тағылған. Қасымбаев үш бап бойынша да кінәлі деп танылды.