Іле жағасында балық аулағандарға оқ атқан ер адам сотталды
Жарияланды

Алматы облысында үш адамды өлтіруге оқталған ер адам сотталды.
2024 жылдың 26 қазанында ер адам шаруа қожалығы аумағында ішімдік ішіп, артынша Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық аулап отырған үш азаматты көріп, оларға мылтық атқан. Олар әртүрлі жарақат алған.
Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үшеуі де аман қалды.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Түркістанда мемлекетке 49 млн теңге залал келтіргендер сотталды.