Жаңалықтар

Тоқаев Қырғызстанға барды

Президент Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады/фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барды.

Мемлекет басшысы Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.

Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

2023 жылдың қаңтарынан бері ҰҚШҰ бас хатшысы болған Иманғали Тасмағамбетовтің бұл қызметтен кететіні айтылды. 2026 жылдан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін Қырғызстанның өкілі Таалатбек Масадықов атқармақ