
Индира Елемес композитор Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты сұмдық жазба жариялады. Қомақты қарыздан хабарсыз екенін де айтты.
«Арман ағаның далада қайтыс болмай, әйтеуір зауыт болса да, жылы жерде жан тапсырғаны дұрыс болған деп ойлаймын», – деп жазды Индира Елемес.
Оның айтуынша, бұрынғы студиясында бірде-бір әнші қонып көрмеген.
«Ол ән жазылатын студия, ұйықтайтын жер емес. Шоу бизнестегі тең жарты әріптестерім сол студияда ән жазған. Қатаң тәртіптері болғанын бәрі де біледі», – деп жазды Индира Елемес.
Индира Елемес Арман Дүйсенов пен Кәлелхан Иманмади арасындағы қарыз ақша туралы да түсініктеме беріп кетті.
«Араларында ақша, басқа болған жайт туралы менің хабарым жоқ. Жалпы еркектердің арасынғағы алыс-беріске куәгер болып көрмеппін. Тоқетерін айтқанда хабарсызбын. Егер ол туралы білсем, Айсұлу ханым мәлімдесін. «Иә көрді, білді» деп! Мен ол нәрселерін биыл маусым айында естідім. Бірақ Иманмади: «Бір тиын алмадым, керісінше олар маған қарыз», – деді. Соңғы сөйлесуім осы ол адаммен», – деп жазды ол.
Әншінің айтуынша, ол жайтқа ешқандай қатысы жоқ. Арман Дүйсеновтің өзі де біреудің қарыз екенін, қайтара алмай жүргенін айтпаған.
«Демек, өзара болғаннан соң, тіл қатпай кеткен болар. Менің бар кінәм, сол зауытта бөлмеде тұра берсінші, емделсінші деп қаншама рет көмек бергенім. Жақсылық жасаймын деп ғайбатқа ұшыраймын деп ойламаппын», – деп түйіндеді Индира Елемес.
Мұның алдында Индира Елемес түрмеде жатқан бұрынғы күйеуі Иманмадидің үйін сатып жібергенін айтқан еді.