«Копенгаген» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: fckairat

26 қараша, сәрсенбі күні сағат 22:45-те Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында «Қайрат» – «Копенгаген» матчы өтеді. Ойынның тікелей трансляциясы Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Алғашқы төрт турды қорытындылаған алматылық клубтың еншісінде бір ғана ұпай бар. «Қайрат» кипрлік «Пафоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, өзге кездесулерде португалиялық «Спортингтен» 1:4, мадридтік «Реалдан» 0:5 және италиялық «Интерден» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дәл осындай жағдай даттық «Копенгагенде» де байқалады: олар да төрт матчта бір ұпай ғана жинады. Команда Германияның «Байерімен» 2:2 есебімен тең түсіп, қалған ойындарда әзербайжандық «Карабахқа» 0:2, немістің «Боруссиясына» 2:4 және ағылшындық «Тоттенхэмге» 0:4 есебімен жол берді.

Сондай-ақ оқыңыз