Лондонда сенсация: «Челси» «Барселонаны» ойсырата ұтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Челси
фото: instagram

25 қарашада Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы жалпы кезеңнің бесінші турындағы басты ойындардың бірі өтті. Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында жергілікті «Челси» испандық «Барселонаны» қабылдап, кездесуді 3:0 есебімен сенімді түрде өз пайдасына аяқтады.

«Челси» шабуылда қарқынды ойын көрсетіп, үш гол соқты: Эстевао мен Делап көзге түссе, тағы бір гол «Барса» қорғаушысы Жюль Кунденің автоголы ретінде тіркелді.

Еске сала кетейік, бүгін Чемпиондар лигасы аясында алматылық «Қайрат» Данияда «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Ойынның басталуы 22:45 те.

Сондай-ақ оқыңыз