Жаңалықтар

Медеуге тағы бір автобус жүретін болады

автобус
Медеуге тағы бір автобус жүретін болады / фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Медеу спорт кешеніне жүретін тағы бір қоғамдық көлік пайда болады. №21 автобус Балуан шолақ спорт кешенінің жанынан жүре бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Көлік құрам 27 қарашадан бастап сегіз минуттық аралықпен жүре бастайды. «Алматыэлектротранс» коммуналдық автопаркіне қызмет көрсететін №21B маршрутқа 15 автобус шығады. Олар 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. Маршруттың жалпы ұзындығы 33,6 км құрайды. 

Фото: Алматы әкімдігі

Автобуста 28 отыруға және 85 тұруға арналған орын болады. Көлік мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған бейнебақылау жүйесімен, кондиционерлермен және USB қосқыштарымен жабдықталған.