Мұқасан Шахзадаевқа қандай жаза тағайындалуы мүмкін

Жарияланды 26 Қараша 2025 15:42

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мұқасан
instagram.com/mukassan_shakhzadayev, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа солисіне жасалған шабуылға қатысты тергеу ісі бойынша әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Бұл туралы жәбірленуші Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай хабарлады.

Алайда полиция Мұқасан Шахзадаевтың ұсталғаны жөнінде әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Инга Иманбайдың айтуынша, әншіге қатысты жедел-тергеу шаралары басталып кеткен.

Жәбірленушінің жағдайы ауыр. Қазір отадан кейін, ауруханада ем қабылдап жатыр. Алған соққылардан оның қолы мен мұрны сынғаны белгілі болды.

Адвокат Инга Иманбай істің қылмыстық квалификациясына тоқталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігіне «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының денсаулыққа қасақана зиян келтіруі» сәйкес қаралып жатқанын айтты.

«Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру, алдын ала сөз байласу, бірнеше күн бойы жауапкершіліктен қашуы – мұның бәрі жазаның қатаң болуын талап етеді. Біз Мұқасан Шахзадаевқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етеміз», — деді Иманбай.

Еске салсақ, жанжал әнге байланысты туған. Жәбірленуші Ғалымжан Сүлеймен әріптесінің үйіне мәселені бейбіт жолмен шешуге барғанын, алайда Мұқасан Шахзадаевтан соққыға жыққанын жазды.

Сондай-ақ оқыңыз