Жаңалықтар

Базалық мөлшерлемеге қатысты қаржы институттарының болжамы қандай

Базалық мөлшерлемеге қатысты болжам/Фото: kursiv.media архивінен

28 қарашада Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2025 жылдың соңғы шешімін қабылдайды. Бұл шешім елдің экономикалық жағдайы мен инфляция деңгейі, сондай-ақ әлемдік нарықтағы өзгерістерді ескере отырып қабылданатын маңызды қадам болады. Қазіргі уақытта инфляцияның өсуі мен теңгенің тұрақтылығы, сондай-ақ кредиттік белсенділіктің артуы Ұлттық банк үшін қосымша назар аударуды қажет етеді. Осыған байланысты, сарапшылар мен экономистер реттеушінің мөлшерлемені қалай өзгертуі мүмкін екендігі туралы түрлі болжамдар жасап отыр. Алдағы отырыс экономиканың даму қарқынын, сыртқы факторларды және ішкі инфляциялық процестерді есепке ала отырып, стратегиялық шешімдердің қабылдануына ықпал ететін болады.

Ал біз беделді қаржы институттарының базалық мөлшерлемеге байланысты  болжамын топтастырып, талдап көрейік

Инфографика 01: Қаржы институттарының базалық мөлшерлемеге болжамдары

Goldman Sachs: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырады

Мұндай консенсусқа сәйкес, 28 қарашада ҚР Ұлттық банкі комитеті базалық ставканы өзгеріссіз 18,00% деңгейінде сақтайды деп күтіліп отыр.

«Көкқұстар» (жақсы өсімді меңзейді)  бағытына тән макроэкономикалық тенденциялар 10 қазандағы соңғы отырыстан кейін, Ұлттық банктің келесі аптада қосымша қатаңдату шараларына баруын ықтимал емес етеді.

Жалпы инфляция қыркүйекте 12,9%-ға жетіп, қазан айында 12,6%-ға төмендеді. Сол сияқты, негізгі инфляция қыркүйектегі 12,6%-дан қазан айында 12,3%-ға дейін төмендеді, бұл күтулерден айтарлықтай төмен. Ұлттық банк ерекше назар аударатын жасырын инфляциялық динамика да қазан айында айтарлықтай баяулады.

Ұзақ уақыт бойы әлсіреген теңге еуроға қатысты 7%-ға, АҚШ долларына және рубльге қатысты 5%-ға нығайды. Бұл нығаю сыртқы мемлекеттік сектор қарыздарының артуы мен ақша-кредит саясатының қатаңдығына байланысты болды. Біз Ұлттық банктің валюта нығаюына көбірек назар аударып, теңгенің негізсіз әлсіреуіне қарсы тұру үшін шешімді қадамдар жасайтындығын сигналдап (белгі көрсетіп) отырғанын байқап отырмыз.

Келесі аптада ақша-кредит саясатын жұмсартуға негіз жоқ деп санаймыз, өйткені Ұлттық банк, мүмкін, жасырулы инфляцияның тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын растауды күтеді. Қарыз берудің нақты өсімі тамыз айынан бері бәсеңдегенімен, динамика әлі де жоғары болып тұр, бұл саясаттың жұмсаруына аз мүмкіндік қалдырады.

Болашақта, біздің пікірімізше, ақша-кредит саясатының қатаңдығы ұзақ уақыт сақталады және алғашқы ставканың төмендеуі келесі жылдың екінші тоқсанында болады деп болжануда, сол кезде жылдық инфляция әлдеқайда төмендеп, инфляцияның төмендеу қарқыны байқалуы мүмкін.

JP Morgan: Қараша айында базалық ставканың 100 базистік тармаққа көтеруді күтеміз.

Қазан айы теңге үшін күшті ай болды, ол АҚШ долларына қатысты нығайып, 520 теңге деңгейіне дейін түсті. Күзде теңге бұрын 550-ге дейін әлсіреген болатын, бірақ Ұлттық банк валютаны сатуды алтынды сатып алу арқылы жүзеге асырған кезде бұл процесс тоқтады. Қазақстандағы инфляциялық күтулер тұрақсыз күйінде қалып отыр: тамыз және қыркүйек айларында 13,2%-ға төмендегеннен кейін, қазан айында олар қайтадан 13,6%-ға өсті, бұл уақытта теңге нығайды.

Инфографика 02: Инфляция көрсеткіші басты фактор

Инфляцияның төмендеуі коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілмеуі, олардың жартылай төмендеуі және отынға мораторий енгізілуімен қамтамасыз етілді, ал нарықтық қызметтер бағасы көтерілуде. Бұл жерде теңгенің нығаюы көмектеспеді. Нарықтық инфляцияны бағалау үшін біз 2015–2025 жылдар аралығында ай сайынғы деректер негізінде ARDL-моделін құрдық, non-food CPI динамикасын инфляцияның кешігуі мен USD/KZT айырбас курсының ауытқуларымен байланыстырдық.

Сонымен қатар 2025 жылдың үшінші тоқсанында ЖІӨ 6,3%-ға өсті. Бұл бастапқыда күтілген 6,4%-дан сәл төмен. Мұнай өндіру Теңіз кен орнын кеңейту есебінен айтарлықтай өсті, ал мұнайдан тыс сектордың өсуі баяулады. Біздің бағалауымыз бойынша, мұнайдан тыс ЖІӨ өсімі екінші тоқсандағы 5,4%-дан үшінші тоқсанда 4,7%-ға дейін төмендеді. Кредиттік белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр, үй шаруашылықтарына және бизнеске берілетін кредиттер жеделдеп, бөлшек сауда мен өнеркәсіпті қолдайды. 2025 жылға арналған ЖІӨ өсу болжамы 6,1%-ды құрайды, бірақ тәуекелдер жоғары жаққа қарай ауытқып отыр, себебі экономика министрінің деректері бойынша 10 айда өсім 6,4% болды.

Инфляциялық күтілімдердің тұрақтылығы, валюталық әсердің шектеулі болуы және өндіріс динамикасының күштілігі ескере отырып, біз НБК-ның осы айдың соңында ставкасын 100 базистік тармаққа көтеріп, нақты ставкаларды ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақтайтындығын болжаймыз.

Еске сала кетейік қазір базалық мөлшерлеме -18,00%, бұл қазан айының 10 күні енгізілген болатын. Ал 28 қараша күні бас банк 2025 жылдың соңғы шешімін шығарады.