Қандай кәсіпкерлер арнаулы салық режимімен жұмыс істей алады – тізімі

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа арнайы салық режимін қолдануға болатын қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Жарияланған Үкімет қаулысында тізім көрсетілген. Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Рұқсат етілген тізімге 40 қызмет түрі кірді:

  • мал шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу қызметі;
  • музыкалық аспаптар өндіру;
  • сылақ жұмыстары;
  • ағаш шеберлігі және балташылық жұмыстары;
  • еден төсеу және қабырғаларды қаптау;
  • сырлау және әйнек орнату жұмыстары;
  • желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда;
  • такси қызметі;
  • басқа да пошта және курьерлік қызмет (басқа пошта қызметін қоспағанда);
  • дайын тағамды тапсырыспен жеткізу;
  • тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және өз меншігіндегі немесе жалға алынған тұрғын жылжымайтын мүлікті басқару;
  • фото түсіру саласындағы қызмет;
  • ауызша және жазбаша аударма қызметі;
  • ветеринарлық қызмет;
  • жеке тұтынуға арналған және тұрмыстық өзге де заттарды жалға беру және лизинг;
  • тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
  • басқа топтауларға кірмейтін көмекші коммерциялық қызмет көрсету (тек интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша);
  • спорт және демалыс саласындағы білім беру;
  • мәдениет саласындағы білім беру;
  • басқа топтауларға кірмейтін білім беру қызметі;
  • көркемдік және әдеби шығармашылық;
  • компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
  • байланыс жабдықтарын жөндеу;
  • электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
  • тұрмыстық аспаптар, үй және баққа арналған жабдықтарды жөндеу;
  • аяқ киім жөндеу;
  • табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол сөмкелері мен галантерея бұйымдарын жөндеу;
  • жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
  • қол сағаттары және басқа да сағат түрлерін жөндеу;
  • зергерлік бұйымдарды жөндеу;
  • тоқыма және трикотаж бұйымдарын жөндеу;
  • тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;
  • былғары, аң терісі бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу;
  • музыкалық аспаптарды жөндеу;
  • кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;
  • велосипедтер жөндеу;
  • басқа топтауларға кірмейтін жеке тұтыну және тұрмыстық заттарды жөндеу;
  • шаштараздар мен сұлулық салондары қызметі;
  • үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы;
  • үй шаруашылықтарының жеке тұтыну үшін тауар өндіру қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды. 1111 кәсіп түрінің 795-і салық жеңілдігін пайдалана алмайтынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз