Сейфуллин даңғылындағы өрттен Алматыда көліктер кептеліп тұр

26 қарашада таңертең Алматыда Сейфуллин даңғылындағы өрт салдарынан қаланың төменгі аудандарындағы көшелерде көлік кептелісі пайда болды.
Автокөлік жүргізушілер өрт шыққан ауданда түсірілген суреттерді жариялап жатыр. Қозғалыс қиындағанын алматылықтар да хабарлап үлгерді.
«Өрт қаланың төменгі жағын тұралатып тастады. Жұмысқа жете алмай тұрғанымызға бір сағаттай болды», – деп жазды алматылық тұрғын.
Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні таңертең Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан жеке үй аумағында дүкен, монша және техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді. Құтқарушылар өртті таңертең сағат 08:30 шамасында сөндірді.
Өрт қаланың Сейфуллин және Успенский көшелерінің қиылысқан тұсындағы ауданда шыққан.
Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған видеодан құтқарушылар өртенген орталықтан көліктерді шығарып жатқанын көруге болады.