Алматыда журналистерге арналған тәуелсіз сыйлық табысталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Михаил Дорофеев
Михаил Дорофеев атындағы сыйлық табысталды / фото: ашық дереккөзден

27 қараша күні Алматыда өткен медиақұрылтай барысында екі журналиске Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз сыйлық берілді. Биылғы лауреаттар – «Власть» басылымының Астана бюросының шеф-редакторы Тамара Вааль және «Азаттық радиосының» тілшісі Сәния Тойкен.

Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз премияны медиасаланың тәуелсіз өкілдері мен Қазақстан баспасөз-клубы тағайындаған. Марапат бизнес-ұйымдардың қаржыландыруымен жүзеге асады және жыл сайын медиақұрылтай аясында журналистиканың дамуына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін беріледі.

Сыйлыққа:

  • жұмыс істеп жүрген журналистер,
  • бас редакторлар,
  • медиа жобалардың авторлары,
  • оның ішінде Telegram-арна иелері де үміткер бола алады.

Лауреаттар елде танымал журналистер, редакторлар мен медиа сарапшыларынан құралған қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталады.

Михаил Дорофеев – журналист, «Информбюро» басылымының бас редакторы.  2021 жылы 30 қаңтарда Алматыда, 49 жасында қайтыс болды. Еңбек жолын Атырау облыстық медиасында бастап, кейін республикалық ақпарат құралдарында еңбек етті:

  • КТК телеарнасы,
  • «Экспресс К», «Город», «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары),
  • «Телевидение г. Астана» және «Эра» телекомпанияларында басшылық қызметтер атқарды.

Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности», «Тема», «Открытый диалог» секілді телебағдарламалардың жүргізушісі болды.

Сондай-ақ оқыңыз