Жаңалықтар

Арман Дүйсеновтің әйелі қорғаушы Мейірман Шекеевтің көмегінен бас тарты

Арман Дүйсеновтің әйелі
фото: скрин

Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызының ісі қоғамда кең талқыланып жатқандықтан, белгілі заңгер Мейірман Шекеев өз ұстанымын жария түрде түсіндіруге мәжбүр болды. Қорғаушы әлеуметтік желідегі жазбасында түрлі әңгімелердің таралуына жол бермеу үшін шындықты ашық айту қажет деп есептегенін атап өтті.

Заңгердің сөзінше, кей азаматтар мен журналистер «істі тастап кетті немесе қорқып қалды» деген сыбыстар тарата бастаған. Осыған байланысты ол шулы істен бас тартуының шынайы себебін түсіндірді.

«Біз бұл іске Рүстем Утепбаев екеуміз мұқтаждықтан барған жоқпыз. Бар ниетіміз – қолдан келгенше көмектесу, халықтың өтінішін жерде қалдырмау еді», – деді Шекеев.

Алайда Айсұлу Айданқызының қазіргі жаңа өкілдері істің әрі қарайғы барысына қатысуын құптамағандықтан, ол өз шешімін өзгертуге мәжбүр болғанын жеткізді. Заңгер бұл іске қазір жауапты болып отырған әріптестері Гүлмира мен Гүлзира ханымдарға сәттілік тілеп, жұмыстарына құрмет білдірді.

Сонымен қатар Шекеев «істі бізбен жүргізуді қаламаған, аты аталмаған адам жақында өзі туралы хабар береді» деп атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты сұмдық жазба жариялаған еді.