Бағжан Октябрь «Дарын» сыйлығын алды

Танымал виолончелист Бағжан Октябрь «Дарын» мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл жайлы инстаграм парақшасында жариялады.
«Бүгін “Дарын» сыйлығымен марапатталдым. Бұл марапатты мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан виолончелімді көтеріп келген анашыма және балам оқысын деп еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет!” – деп жазды ол.
Оқырмандары Бағжанға жылы тілектерін арнады.
Бағжан Октябрь – инструменталды музыка, неоклассика жанрында өнер көрсететін виолончелист. Қырғызстан, БАӘ, Кувейт, Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Нидерланд, Германия, Бельгия, Франция елдерінде аншлагпен бірнеше мәрте жеке кешін өткізді.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – Қазақстанда ғылым, шығармашылық, қоғам мен спорт салаларында ерекше көзге түскен талантты жастарға берілетін беделді мемлекеттік марапат.