
TikTok-тың бұрынғы жұлдызы Даня Милохин жақында стрим кезінде Дубайда тамақ тасып күн көріп жүргенін ашық айтты.
2021 жылы Forbes оны ең көп табыс табатын жас блогерлердің бірі деп атаған.
Жабық кештерде төбелеседі
24 СМИ ақпаратына қарағанда, жылдық табысы шамамен 110 млн рубль болған еді. Қазір сол ақшаның ізі де жоқ. Милохин кездейсоқ табыс көздерімен ғана жан сақтап жүр.
Кейде ол ауқатты адамдардың жабық кештеріне шақырылып тұрады. Жуырда Барселонада туған күнге барып, қонақтардың көңілін көтеру үшін рингте жекпе-жек өткізген. Әлеуметтік желіге көгерген бетімен шықса да, көңілді екенін айтқан.
Інісі ересектер контентін сатып жүр
Даня курьер болып жүрсе, оның інісі Илья ашық суреттерді ақшаға сата бастады. Бағасы 2-7 мың рубль аралығында. Бұған дейін өзін эзотерик және сексолог ретінде көрсетіп, кеңесін 8 мың рубльге сатып келген.
Жазылушылар бұл жаңалықты ауыр қабылдады. Көпшілігі оның да ағасы секілді құлдырап бара жатқанын айтады.
Милохинның мансабы қалай құлады
Бұрын ол қымбат апартаментте тұратын еді. Евгения Медведевамен бірге мұз шоуына қатысып, Z буынының жаңа символы болып есептелген. Бірақ 2022 жылдың күзінде «Ледниковый период» жобасын аяқтап үлгермей жатып, кенет шетелге ұшып кеткен соң, мансабы құлдырай бастады.
Ол шақта Даняны әскерге алмақ болған. Ал Анападағы асырап алған отбасының үйін белгісіз біреулер өртемек те болыпты. Соның салдарынан әкесі басқа жерге көшуге мәжбүр болған.
Оның миллионерден жат елде курьерге айналуына небәрі үш жыл уақыт жеткен. Көп жанкүйер әлі күнге дейін бұл жағдайдың рас екеніне сене алмай отыр
Ал Қазақстанда Forbes тізіміндегі миллионер Pepsi-дің орнына Salam Premium Cola шығармақ.